Найман тарихына шолу
Арғы атамыз найманның қамын жеген,
Өткен өмір елестер сағымменен.
Найманның арғы атасы дунху емес,
Жатпайды саққа, гүнге, хуннуларға
Найманның түп атасы Динлин деген,
Орыстар «половец» шашы қызыл деген.
Қытайдың жазуынша Теле екен
Тарихын қазамын деп әуреленем.
Бірі түрік, бірі моңғол деп атайды
Анықтап білейінші, дегенменен.
«Асыл тастан, өнер жастан» дегендейін
Тарихшы Серікжаннан үйренген ем.
Болыпты Бумын қаған заманында
Түріктердің тайпасы Он оқ будун.
Одан кейін Білге қаған аманында
Ел мен жұрт бұл руды Тоғыз деген.
Ғасырдан соң Мойын Чур заманында
Бірі азайып, енді Сегіз Оғуз деген.
Сегіз Оғуз дегенім найман екен
Тоғыз Оғуз - үйсін қанат жайған екен.
Жеті Оғузда Дулат жүр мерейменен,
Тоғуз Оғуз бар екен Керей деген.
Үйсіннен Найман ата тарайды екен
Моңғол деген сөз кейде жарайды екен.
Сәнбидің бір бұтағы Кидан деген.
Киданның бір бұтағы найман екен,
Жат болмайды Елюй Дашы ел билеген.
Император даңқы бар Елюй Дашы
Өзі дана, өзі бір ер қолбасшы.
Сарбаздары жаужүрек болғаннан соң
Одан артық болады кімдер жақсы?
Кім бар еді тең келер Селжүктерге
Жүз мыңдай әскері бар қарулы елге.
Соларды тас-талқан ғып найман жеңген,
Билікке содан Қарақытай келген.
Мекен тепкен Баласағұн деген жерден.
Кім білмес бабасы оның Таңшиқайды
Сәнбиден аты шыққан асыл жанды.
Тәңір текті қасиетті бұл бабамыз
Хұн елінде биледі барлық жанды.
Қытайланып бара жатқан түркі халқын
Шынайы қамқорлыққа бұл кісі алды
Ұлы Дала дәстүрін сақтап қалды.
Наймандар Алтай жағын еткен мекен
Мал мен басы көп өскен текті ел екен.
Ұлан-байтақ даланы алып жатқан
Бірлігі мен тірлігі болған бекем.
Инанч Білге ханы өлгеннен соң
Таян, Бұйрық ішінен жік те шыққан
Найман тозды сол ішкі қақтығыстан.
Моңғолдар ол кездері іргелі емес,
Наймандар көзге оларды ілген емес.
Ат төбелі моңғолдың сайланғаны
Наймандар қаперіне кірген емес.
Шыңғыс қолы осы кезде нығайды,
Заман туды күш көрсетуге ыңғайлы.
Ұлы Күшлік Тамер өзен бойында
Шыңғыс ерге төтеп бере алмайды.
Найман елі тоз-тоз болып кеткенде
Шыңғыс қолы дала өртіндей қаулайды.
Күшлік хан да қол қусырып жатпады
Бөлініп кеткен Бұйрық ханды жақтады.
Екі елді біріктіріп алған соң
Жеңілмеуге ат-қаруды баптады.
Бұл кездері Моңғол ұлы Шыңғысты
Түркі, Моңғол ханы етіп сайлады.
Бас имеген Күшіліктің соңынан,
Бұқтырмада қанды соғыс қайнады.
Ұлы Ертістен өткел тауып өте алмай
Көп адамдар қырғын тауып қалғаны.
Бұл сөзімнің жоқ қой ешбір жалғаны.
Барар жері, басар тауы қалмаған
Күшілік хан Киданға жол жалғады.
Еңіреген есіл ерді қолдайтын
Бар ма екен бұл Киданның салмағы?
Көз сүрінер көрікті ер Күшлікке
Ханның қызы ғашық болып қалғаны.
Екі жасты үйлендіріп Жилугу
Күшілікпен райласып қалады.
Көп кешікпей Қарақытай билігін
Күйеу Күшілік өз қолына алады.
Самарқан мен Бұхараға жорық сап
Самарқанға қайта билік салады.
Моңғолдарға кегі кеткен Күшілік
Қол қусырып әрекетсіз жатпады.
Алмалықты, Қашқар менен Хотанды
Бәрін шауып, тас-талқан ғып тастады.
Ата жауы Күшіліктің бұл ісі
Шыңғыс ханды ойландыра бастады.
Мұсылмандар Күшілік ханға қарсы боп
Дінде ісі жоқ Шыңғысханнан аспады.
Қайсарлықпен қарсы тұрған Күшілікті
Жебе қолы өлтірді де тастады.
Жиырма жылғы кескілескен соғыстың
Содан қалған «Алтын Алтай» дастаны.
Қазір Күшілік - қазағымның мақтаны.
Бұл Қытайды бабаларым илеген,
Сегіз жүз жыл көшпенділер билеген.
Кидан билеп оны екі жүз елу жыл
Қарсы келсе ақ найзамен түйреген.
Шыңғыс ханның тұсында бақ кеткенмен,
Хандық құрып бабамыз бас имеген.
Наймандардай ешкім қарсы келмеді,
Жарты әлемді Шыңғыс қаған биледі.
Шыңғыс ханның отыз ұлы ішінен
Шағатай, Төле, Жошы,Үгедей сыйлы еді.
Кеңесшісі Шыңғыс пенен Жошының
Ұлы абыз Кетбұға найман боп еді
Мамлюктермен соғыста ерлікпенен өледі.
Ұрпағына Төре атын береді.
Жошының да он үш ұлы бар еді
Төртеуі хан болып, үлгі береді.
Алтын Орда, Боз Орданы сүйікті
Көк Орда мен Ақ Орда деп жиыпты.
Біріктіріп бір шаңырақ астына
Ордаларды берекеге ұйытты.
Бара-бара моңғол қыпшақ болады,
Ел билігін қыпшақ қолға алады.
Алтын Орда шалқып тұрған шағыңда
Басыңды иіп ешкімге де бағынба!
Айбынмен сескендіріп бар әлемді,
Асқақтап бір айбының асқан шағың.
Көшпенділер мерейі тасқан шағың.
Ақ Орда, Көк Ордаға жік түскенде,
Қайран дәурен, жалт етіп, болдың сағым.
Ақсақ Темір Орданы құлатқанда
Тайып кетті-ау басыңнан маңдай бағың.
Табаныңның астында жатқан елдер,
Күшейіп шыға келіп, сынды-ау сағың.
Кісі отына май құйған, Әмір Темір,
Баянды болмады ғой сенің бағың.
Ақ Орда, Әбілқайыр, Ноғай хандық
Аталатын Көшпелі Өзбек халқы.
Жошы ұрпағы Керей менен Жәнібек
Ниеттенді «жаңғыртамын әлі» деп.
Ұлы көшті сол екеуі бастады,
Ең алдымен Арғын, Қыпшақ қостады.
Әбілқайыр өлгеннен соң бұларда
Алауыз боп, кетіп қалды көп сәні.
Быт—шыт болып Ұлы Өзбек ұлысы
Қосылмақ боп Жәнібекке аттанды.
Көшпелі өзбек сөйтіп қазақ атанды,
Сартқа кетіп, бірі өзбек аталды.
Өз ағам мен сарт садағам деген сөз
Сол жылдары жұртта пайда болған кез.
Сартқа сіңген өзбек менің өз ағам
Найман, қыпшақ арасынан таба алам.
Қайтқым келсе арғы текті біліп кеп
Табам барлық руларды жіліктеп.
Ал сарттарда ру деген болмайды,
Отырықшы жырды олар толғайды.
Осылайша Қазақ хандық құрылған
Армандары азаттық қой бұрыннан.
Амал қанша он жетінші ғасырда
Жоңғар шықты жанжал іздеп ұрынған.
Ақтабан мен алқа көлге ұшырап,
Қазақ халқы қынадайын қырылған.
Ел басына күн туды ғой құйынды
Үш Жүздің бар батырлары жиылды.
Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбей,
Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай
Бар қазаққа «аттан» деген жар салды.
Босатуға атамекен ел-жерді,
Қайран ерлер қан майданға аттанды.
Қиын сәтте халық басы бірігіп,
Жігерленіп тасболаттай топтанды.
Батырларым, елге қорған болдыңдар,
Халық үшін тудыңдар,
Жауды түріп қудыңдар.
Елді қорғап қалам деп
Белді бекем будыңдар.
Ер-тоқымды жастанып,
Қарсыласқан дұшпанды
Қайратпенен жасқадық.
Қабанбай - ұлы бабам-ай,
Екпіні мың адамдай.
Жауға тиген кезінде
Жайпап қырғын салады-ай.
Өзіңнен батыр өтпеді,
Сеніміңді ақтады
Көкжарлы Көкжал көк пері.
«Өзімнің арғы тегім – Барақ бабам,
Деуші еді мақтан тұтып Қанат балам.
Алты сары Ақнайман - Сұлукенің
Жиенімін, онда бар батыр Жаман.
Сарыжомартта Күркебай, Танаш батыр,
Дәулетбай,Бура Ақпантай, Шынқожа тұр.
Қайсыбірін айтайын, толып жатыр.
Атақты Бәсентиін Малайсары,
Гауһар еді сүйікті оның жары.
Қабанбайдың бір туған қарындасы
Тепсе темір үзетін найман қызы,
Үлгі тұтқан қазақтың барша Жүзі.
Күллі жұрт қасиетін жатыр біліп,
Қазақ болсаң, найман бол, батыр жігіт!
Баян сұлу - бейнесі адалдықтың,
Жыры болған бүгінде тәмам жұрттың.
Махаббатты шығарған биік шыңға
Найман қызы шыдаған ауыр сынға
Қалады жөн-жосығын сұрамай кім,
Ғашық болған адамы Ұлы Абайдың
Қуандық деген қызы Сыбандардың
Бейнесі - өзі болған туған Айдың.
Сол үшін отқа түсіп, пышақтасып,
Елсізге сезім үшін кетіп қашып.
Әйгілі Кебек батыр нағыз ғашық,
Бір өлген Еңлікпен құшақтасып.
Кезім жоқ бабамды ерге теңемеген,
Сарадай ақын қыздың өнері ерен.
Найманның бетке ұстар қызы екен
Әжесі Ұлы Абайдың Зере деген.
Айтпасам, ертең жұртым көрер айып,
Найман ғой ұлы Мұқан Төлебаев.
Мерт болған тасқын селге қарсы жүріп,
Матай ғой ұлы Ілияс Жансүгіров.
Бұл күнде тойлап жұрты жатыр дулап,
Сыбан ғой Бабатайдың ұлы Дулат.
Ер Еспенбет, қу дауысты Құттыбай
Келешектен мол үмітті күтті жай.
Жай оғындай дұшпанына атылды,
Кім білмейді Ақтанберді батырды.
Ақтайлақ би тұтқа болған елге нық,
Әйгілі ақын Әріп Тәңірбергенов.
Өнегесі барша елге ұнайды,
Әпермесе әпермесін күн-айды.
Қалайша мен мақтан тұтып жазбайын
Өр Найманның бір бұтағы Қызайды.
Шын зерегі бола білген баланың
Қызы еді ол Домалақ ананың.
Етіп жүрген білімімен бәрін таң,
Мықты азамат Нұршайыхов Әзілхан.
Қайрат Закариянов, атақты Марат Оспанов
Мықты ұлдарды осындай
Қошеметтеп, қосталық.
Майданда іздемеген жай серікті
Кім білмейді партизан Қайсеновті?
«Жер шарын мекендеген бүкіл Найман»
Деп Уәйіс елінің атын жайған.
Досхандай актер ұлды елі мақтар
Тұрғам жоқ осы жырға қосып жайдан.
Тарихым атыменен қалды байып,
Жарқ етіп жанды-дағы болды ғайып.
Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш еді
Кешегі ер Жақыпбек Малдыбаев.
Тарихты бес саусақтай, сірә, біліп,
Қадірін туған жердің тұрады ұғып.
Бүгінде бар қазаққа өнеге ғой
Мұстафа Өзтүрік, Қабдеш Жұмаділов.
Ұғынып халқым біраз қалсын жайды,
Қалсыншы есімдері артында әйгі.
Бұл жандар – бетке ұстаған ең мықтылар
Әйтпесе найманда ер таусылмайды.
Нұр апа-Нұрғайни Мәңкешқызы,Айтжамал Берікбосынқызы.